Ауа райы салдарынан тікұшақ апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Жараланған тағы 2 адам ауыр халде жатыр.

Түркияның шығысында тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлады paryz.kz, Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

"Бейсенбі Түркияның шығысындағы Бингөл провинциясында тікұшақ апатқа ұшырады. Төрт әскери жарақат алып, 11 адам қаза тапты. Бұл туралы Түркияның Қорғаныс министрлігі хабарлады", - делінген хабарламада.

Соңғы мәлімет бойынша, жарақат алған 2 адам қайтыс болды. Осылайша апат құрбандарының саны 11 адамға дейін жетіп отыр. Көз жұмғандардың бірі - Түркия Құрлық әскерлері 8-корпусының қолбасшысы, генерал Осман Эрбаш. Жараланған тағы 2 адам ауыр халде жатыр.

Нақты айтқанда, Битлис провинциясында Eurocopter AS532 Cougar тікұшағы құлаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа қолайсыз метеожағдай себеп болған. Осы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды.