Семейде тұрғын үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер үй ішінен 2 газ баллонын алып шықты.

Семейде тұрғын үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты
фото: ашық дереккөз

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 05:00 шамасында Семейдегі Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған, деп хабарлады paryz.kz.

Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер үй ішінен 2 газ баллонын алып шықты.

"Жалын шарпыған жалпы аумақ 180 шаршы метрді құрады. Барлау жүргізу барысында бөлмеден 1946 жылғы үй иесі мен оның 1976 жылғы ұлының денесі табылды", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына отпен абайсыз әрекет ету, пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау немесе электр жабдықтарының апаттық режимде жұмыс істеуі себеп болуы мүмкін.