БҚО-да "басқа емханаға ауыстырыңдар" деген ер адам өзін өртеді

"Бұл шешім емхана деңгейінде болғандықтан, басқарма жетекшісінің міндетін атқарушы Арман Қалибеков №3 емхана директорын өзіне шақырды. Ол кеңсеге келемін дегенше азаматтан өз өтінішін қағаз бетіне түсіру сұралады..."

БҚО-да "басқа емханаға ауыстырыңдар" деген ер адам өзін өртеді
фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ғимаратында "өзін-өзі өртеу" оқиғасына қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлады paryz.kz.

"2 наурызда сағат 16:40 шамасында облыстық мәслихат ғимаратында 46 жастағы Орал қаласының тұрғыны қалтасынан сіріңке алып, жемпіріне от қойған. Өрт дереу сөндіріліп, азаматты күйік шалған жоқ. Медициналық сараптамаға сәйкес, ол сау болған. Ер адам қабылдау бөліміне №4 емханадан өзін №3 емханаға ауыстыру туралы өтінішпен келген. Бұл шешім емхана деңгейінде болғандықтан, басқарма жетекшісінің міндетін атқарушы Арман Қалибеков №3 емхана директорын өзіне шақырды. Ол кеңсеге келемін дегенше азаматтан өз өтінішін қағаз бетіне түсіру сұралды. Ал ол агрессивті түрде бұған өз наразылығын білдірді", - деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Куәгерлердің айтуынша, әу бастан өзін дұрыс ұстай алмаған ол, шу шығарғысы келген, алкогольдің иісі шығып тұрған.

"Бір уақытта ол қалтасынан сіріңкені алып шығып, жемпірін өртеді. Бірақ бензин болмаған. Оның жанында тұрған Денсаулық сақтау басқармасының қызметкері бірден оған ұмтылып, жемпірін шешіп, оны еденге тастап, өртті сөндіруге тырысты. Нәтижесінде ер адамның өзі де, басқа адамдар да зардап шеккен жоқ. Полиция шақырылды, олар ер адамды ұстап, медициналық тексеруге алып кетті", - деді полициядағыдар.

Арман Қалибековтың айтуынша, азаматтың өтінішін орындау үшін ешқандай кедергі болмаған.

"Керісінше, оны тыңдап, мәселесін шешу үшін №3 емхана директоры шақырылған болатын. Өйткені бекіту процедурасы емхана порталы арқылы техникалық түрде жүзеге асырылады. Ер адамға барлық қажетті түсініктемелер берілді. Қазіргі уақытта оқиға орнында азаматты өзін-өзі өртеуге итермелеген себептерді анықтау үшін полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деді олар.