ТЖД ақпараты бойынша, сол күні сағат шамамен 17:15-те жоғалған ер адамның денесі қыстаудан 5 шақырым жерден табылды.
Қарағанды облысында 60 жастағы ер адам далада үсіп өлді, деп хабарлады paryz.kz, Қарағанды облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
26 ақпанда Шет ауданы Ақжал ауылдық округінде ер адамның жоғалғаны туралы хабар келіп түскен. Ол 25 ақпанда күндіз қыстаудан белгісіз бағытқа шығып, сол күйі оралмаған. ТЖД ақпараты бойынша, сол күні сағат шамамен 17:15-те жоғалған ер адамның денесі қыстаудан 5 шақырым жерден табылды.
Қарағанды облыстық ТЖД өкілдері тұрғындардан ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге жаяу шықпауды және жол жүрмеуді сұрайды.