Жезқазған-Сәтбаев тас жолындағы жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан екі баласы бар әйелді көлік қағып кетті. Қайғылы жағдай “Восток” кооперативіндегі “Дача” аялдамасының жанында болған. Бұл туралы Paryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
3 жастағы баласын жетектеп жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан әйелдің жанында жаңа туған нәрестесі де болған. Жол апатына 36 жастағы жүргізуші себеп болған. Ауыр жарақат салдарынан 3 жастағы бала оқиға орнында тіл тартпай кетті.
“Әйел мен сәби ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.