Нұр-Сұлтанда дәмханадан шыққан екі мас банкке түсті

Қылмыс жасалған жерге күзет кәсіпорындарының қызметкерлері де жедел жеткен...

Нұр-Сұлтанда дәмханадан шыққан екі мас банкке түсті
фото: ашық дереккөз

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есігін сындырып кірген екі күдікті ұсталды. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке "тойып алған" 2 жігіт терезені сындырып, банк ғимаратына кірген, деп хабарлады paryz.kz

Алайда қаскүнемдер күзет дабылының іске қосылуына байланысты көздеген мақсаттарына жете алмады. Қылмыс жасалған жерге күзет кәсіпорындарының қызметкерлері де жедел жеткен.

"21 және 23 жастағы екі күдікті "ізі суымай" қолға түсті. Дәмханадан ішімдік ішіп шыққан жігіттер жеңіл жолмен баюды көздеген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті күзет дабылын қоюға және ғимараттың ішін бейнекамералармен жабдықтауға кеңес береді", - деді ведомстводан.