Жітіқарада дүкен сатушысы қарулы қарақшыны қуып шықты (ВИДЕО)

Үрейленген қарақшы есікке қарай ұмтылып, қашып кеткен.

Жітіқарада дүкен сатушысы қарулы қарақшыны қуып шықты (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Қостанай облысының Жітіқара қаласында сатушы әйел дүкенді тонауға келген қарулы адамға қарсылық көрсетіп, оны қуып шықты, деп хабарлады paryz.kz.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрдан бетперде киген адамның дүкенге кіргенін, сатушы қарамай тұрған кезде қалтасынан пышақ шығарып, кассаны ашпақ болғанын көруге болады. Бұған жауап ретінде әйел де қолына пышақ алып, қарақшыға шабуыл жасайды. Үрейленген қарақшы есікке қарай ұмтылып, қашып кеткен.

Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Жітіқара қаласында 24 ақпанда сағат 11.00-де болғанын растады.

"Қылмыс фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілі.