Алматыда сыраханаға айналған пәтерде атыс болды

Полиция "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.

Алматыда сыраханаға айналған пәтерде атыс болды

Алматыда 23 ақпанға қараған түні демалыс орындарының бірінде атыс болды. "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу басталды, деп хабарлады zakon.kz.

"Бүгін Абай көшесіндегі Мәскеу метро станциясы маңында атыс болды. Сырттағылардың даурыққан сөздерінен ұққаным, біздің подъезге қабырғалас көрші пәтерде атыс болған. Оны сырахана секілді жасап қойған. Клиент тапанша ма, травматикалық қарудан ба, оқ атқан" деп жазды Максим Косарев есімді Facebook қолданушысы өзінің парақшасында.

Полиция "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты. Күдікті азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

У нас на Абая, ст метро Москва сегодня какие-то выстрелы над Бродвеем или 23 февраля. Сидим смотрим киношки, ютюб и тут...

Опубликовано Maxim Kossarev Понедельник, 22 февраля 2021 г.