Петропавл орталығындағы жатақханада газ жарылып, тұрғындар қаза тапты (ВИДЕО)

Оқиға орнынан келген куәгерлердің айтуынша, жатақхана түтінге оранғанда, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қатты дауысты естіпті...

Кеше газ жарылуы салдарынан Петропавл қаласының орталығындағы жатақхана қою түтінге оранған. СҚО ТЖД мәліметінше, төтенше жағдай орнында 2 адам қайтыс болып, 10 адам жарақат алған, деп хабарлады paryz.kz, Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.

21 ақпанда түстен кейін қала орталығындағы Интернациональная 21 көшесінде орналасқан 5 қабатты ғимараттың шатыры өртенді.

"Сағат 15.49-да 101 телефонына Петропавлдағы 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында газ баллонының жарылғаны туралы ақпарат түсті. Облыс орталығындағы барлық өрт сөндіру бөлімдері мен ТЖД жедел-құтқару жасағы өртті сөндіруге жұмылдырылған", - деп хабарланды.

Оқиға орнынан келген куәгерлердің айтуынша, жатақхана түтінге оранғанда, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қатты дауысты естіпті.

Ғимаратта дүкен, ветеринарлық клиника және кафе орналасқан. Қазір қалалық өрттен қорғау қызметкерлері сол жерде жұмыс істеп жатыр. Полиция ғимаратты қоршауға алды.