Өскемендік шенеунік мейрамхана иесін ауыр жарақаттаған (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысы барлар мен басқа да азаматтар анықталып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Әлеуметтік желіде Өскемендегі мейрамханалардың бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Кадрда жергілікті шенеуніктердің бейнеленгені айтылған. Бұл жайтқа қатысты ШҚО ПД баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Бірнеше күннен бері желі қолданушылары Өскемендегі "Serebro" мейрамханасында болған жанжалдың видеосын талқылап жатыр. Ғимаратта бірнеше шенеуніктің кездескені айтылып, тіпті олардың есімдері де аталған. Сондай-ақ төбелеске қатысушылардың бірі мейрамхана иесіне ауыр жарақат салғаны хабарланған.

Облыстық ПД мәліметінше, жанжал 2020 жылдың 26 желтоқсанында болған.

"Өскемен қалалық полиция басқармасында 2020 жылы 26 желтоқсанында "Serebro" мейрамханасында болған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысы барлар мен басқа да азаматтар анықталып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде", - деп мәлімдеді ведомство.