Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Түркістан облысында жүк көлігімен келін түсірмек болғандар жауапқа тартылды

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі сағат 00:30 шамасында ауыл көшелерінің бірінен мемлекеттік белгісін тақпай, арнайы жарық шамдарын тағып, қатарласып жүрген автокөліктерді анықтады, деп хабарлайды Paryz.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында жүк көлігімен келін түсірмек болғандар жауапқа тартылды
фото: әлеуметтік желіден

Арасында жүк көлігі бар құқық бұзушылардың той кортежін ұйымдастырып, келін әкеле жатқаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары жол ережесін өрескел бұзған көліктерді бірден тоқтатып, айыптұраққа жеткізді.

«Оның ішінде «VOLVO FH» жүк көлігінің жүргізушісіне авариялық жағдай туғызғаны, бағдаршамның тыйым салынған сигналына қарамай өткені, мемлекеттік тіркеу нөмірі болмағаны, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамағаны, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарғаны үшін 5 хаттама толтырылды», - делінген хабарламада.