Қызды тыржалаңаш қуып шыққан - желіде жастардың әдепсіз қылығы талқыланып жатыр (ВИДЕО)

Көп қабатты пәтерлердің бірінде жігіт қызды көпшілік жүретін дәлізге тыржалаңаш қуып шыққан. Видеожазба желіге тарап кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Қызды тыржалаңаш қуып шыққан - желіде жастардың әдепсіз қылығы талқыланып жатыр (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

Zhest_kz Instagram парақшасындағы видеода жігіт қызды пәтерден күштеп шығарып жібереді. Жағдайға дәлізде тұрған екі жігіт араласады. Оқиғаның Қазақстанның қай қаласында, қай уақытта болғаны белгісіз.

Желі қолданушылары «Қыздар жігіт іздегенше білім-ғылым жолын қуыңдаршы...»,  «Масқара еркектер не болып барады», «Осындай видеоларды неге саласыздар? Түсінбеймін. Керек па осының бәрі? Білгендерін істесін, адамдарды болжатып қойдыңыз. Мүмкін мүлде басқа жағдай шығар. Туыс-туғандары көреді дегендей, ұят қой!» деген пікірлер қалдырған.