Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Алматыдағы «Алтын Бұлақ-2» тұрғын үй кешенінде өрт шықты, деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы тұрғын үй кешенінің өртеніп жатқан бейнежазбасы тарады. 

Төтенше жағдайлар департаментіне 18 қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерден түтін шығып жатқаны жайлы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер сол жерге жетті. Өртенген аумақ 25 шаршы метрді құрайды, - делінген хабарламада.