Нұр-Сұлтанда ұры зейнеткерді ұрып құлатып, сөмкесін ала қашқан (ВИДЕО)

Полиция анықтағандай, күдікті бұрын сотты болған.

Нұр-Сұлтанда 78 жастағы зейнеткерді ұрып-соғып, тонап кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қарияның айтуынша, түскі ас кезінде ол Бейсеков көшесімен үйіне қарай жаяу бара жатқан. Осы кезде оған бір жас жігіт таяп келіп, қай жерде тамақтануға болатынын сұрайды. Қария жауап беріп жатқанда күдікті оны жұдырықпен бір ұрып құлатқан. Сөйтіп ішінде ақша, құжаттары мен екі ұялы телефоны бар қол сөмкесін күшпен тартып алған. Осыдан кейін ол ізін суытқан. Автортұрақ аймағында құжаттарды лақтырып, ақша мен ұялы телефоны бар қолсөмкені алып жоғалған", - деп хабарлады елордалық ПД баспасөз қызметі.

Полиция анықтағандай, күдікті бұрын сотты болған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.