Павлодарда көпбалалы ана күйеуінің бауырын пышақтап өлтірді

Полиция бөліміне жеткізілген әйелді тексеру кезінде орташа мас екені анықталды.

Павлодарда көпбалалы ана күйеуінің бауырын пышақтап өлтірді
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында туысын өлтірген көпбалалы ана 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады paryz.kz.

Әйелге неліктен мұндай жаза кесілгенін Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі түсіндірді. Іс материалдарына сәйкес, сотталушы 2020 жылдың қыркүйегінде күйеуінің бауырын пышақтап өлтірген.  

Тергеу барысында әйелдің ас үйде болғаны, ал туысы оны балағаттап, жағынан тартып жібергені анықталды. Жауап ретінде әйел оның жүрегіне пышақ сұғып алған.  

Оқиға Павлодар облысының Жаңақала ауылында болды.

"Сотталушының кінәсін жартылай мойындағанынан бөлек, оның қылмыс жасағаны сот отырысында толық дәлелденді. Полиция бөліміне жеткізілген әйелді тексеру кезінде орташа мас екені анықталды. Сараптама нәтижесіне сәйкес, одан дене жарақаты табылмаған", - делінген соттың баспасөз хабарламасында.

Сот оның алғаш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын, жас балаларының болуын, сондай-ақ оң мінездеме берілуін жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырды.

Әйел 8 жылға сотталды. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі мекемеде өтейді. Сотталушы сот залында қамауға алынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.