Алматы-Өскемен тас жолында жол-көлік апатынан 7 адам қаза тапты

Nissan Qashqai жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo ауыр жүккөлігімен соқтығысқан.

Алматы-Өскемен тас жолында жол-көлік апатынан 7 адам қаза тапты
фото: видеодан скриншот

Алматы облысындағы Алматы - Өскемен тасжолында жол-көлік оқиғасынан 7 адам қаза тапты. Көлік жүргізушісі жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған, деп хабарлады paryz.kz

Қайғылы оқиға 14 ақпанда автожолдың 342-шақырымында болды. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Nissan Qashqai жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo ауыр жүк көлігімен соқтығысқан.

"Nissan жүргізушісі мен 4 жолаушы, сондай-ақ Volvo жүргізушісі мен 1 жолаушы қаза тапты. Олардың кім екені анықталды. Оқиға болған жерде облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ Ақсу ПБ жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. Алматы облысының Полиция департаменті қайғылы жағдайда қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады. Факт бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚК-нің 345-бабына сәйкес жүріп жатыр", - деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Әлеуметтік желілерде апаттан кейін түсірілген видео пайда болды.