Каспий теңізінде "Түркістан" кемесі өртеніп кетті (ВИДЕО)

Министрліктің дерегінше, 9 ақпанда "ЯРЕНГТІҢ" көмегімен кемені сүйреу ұйымдастырылып, 10 ақпанда "Түркістан" кемесі Зира портына (Әзірбайжан) жеткізілген.

Каспий теңізінде "Түркістан" кемесі өртеніп кетті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

8 ақпанда Говсан (Әзербайжан) портынан Ақтау кемежайына қарай бағыт алған "Түркістан" кемесінен өрт шықты, деп хабарлады paryz.kz, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, "Түркістан" кемесінде сол жақ бас қозғалтышының газ түтігі қаптамасы жанып кеткен. Өрттің Әзірбайжан Республикасының аумақтық суларынан тыс, Чилов аралынан 30 миль қашықтықта болғаны хабарланды. Экипажда 10 адам - 4 Қазақстан азаматы, 6 Ресей азаматы болған. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Бортта жүк болмаған.

"Өрт көмірқышқылды көлемді өрт сөндірудің стационарлық жүйесі арқылы сөндірілді. Зақымдану салдарынан негізгі қозғалтқыш іске қосылмай қалды. Кеме жолдан шығып қалды. Қатты қирау, корпус тұтастығының бұзылуы болмаған", - дейді ведомство.

Министрліктің дерегінше, 9 ақпанда "ЯРЕНГТІҢ" көмегімен кемені сүйреу ұйымдастырылып, 10 ақпанда "Түркістан" кемесі Зира портына (Әзірбайжан) жеткізілген. Тергеу-тексеру шаралары жүргізіледі. Қазіргі уақытта кеме айлаққа байланған. Ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

"Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру жөнінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен комиссия құрылып, оқиға орнына комиссия мүшелері жіберілді", - дейді ведомство.