Алматы облысында перзентхана қызметкерлерінің автобусы аударылды (ВИДЕО)

Оқиға Талғар-Есік-Бәйдібек би тас жолының 72-ші шақырымында болған.

Алматы облысында перзентхана қызметкерлерінің автобусы аударылды (ВИДЕО)
фото: Instagram парақшасынан скриншот

Әлеуметтік желілерде Есік қаласының перзентхана қызметкерлері отырған шағын автобустың жол жиегінде аударылып жатқан суреттері мен видеолары тарап жатыр, деп хабарлады paryz.kz.

"14 ақпан күні таңғы сағат 07:40 шамасында Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Талғар-Есік-Бәйдібек би тас жолының 72-ші шақырымында болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы бұған дейін Mercedes-Benz Sprinter көлігінің 41 жастағы жүргізушісі шығыс бағытта, Сатай ауылының маңында, мұз және тұман себебінен рөлді басқаруды жоғалтып, аударылған", - деп мәлімдеді Алматы облысының ПД баспасөз қызметі.

Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.