Петропавлда азық-түлік дүкені өртенді

Петропавлда «Надгорье» азық-түлік дүкені өртенді, зардап шеккендер жоқ.

Петропавлда азық-түлік дүкені өртенді
сурет ҚазАқпарат сайтынан

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қыркүйек, сағат 3.32 минут кеткенде өрт сөндіру қызметіне Петропавлдағы Потанин көшесі, 130 үйдің жанып жатқандығы жөнінде хабар түседі. Өрт «Надгорье» азық-түлік дүкенінен шыққан екен.

Оқиға орнына бірден 5 арнайы техника мен жеке құрамнан 19 маман жұмылдырылды. Нәтижесінде өрт толығымен бір сағат шамасында сөндірілді.

«Өрт 35 шаршы метр аумақты қамтыды. Дүкен ғимаратының шатыры және төбесі зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша жалын электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін», - делінген баспасөз хабарламасында.