Семейде күйеуімен жанжалдасып қалған әйел өзіне қол жұмсамақ болды

Семей қаласында күйеуімен жандалдасып өзіне қол жұмсамақ болған әйел құтқарылды, Paryz.kz. 

Семейде күйеуімен жанжалдасып қалған әйел өзіне қол жұмсамақ болды
Фото: pexels.com

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сарбаздар 3 сәуірде сағат 21.04 шамасында қаладағы Дулатов көшесінің бойын патрульдеп жүрген. Сол кезде олар 6-қабаттың терезесінен секіріп кетейін деп тұрған әйелді байқап қалған. 

Семей

Фото: Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

«5511 әскери бөлімінің патрульдік тобының бастығы, ефрейтор Маратжан Акрамов қасындағы сарбаздармен бірге сол жаққа жүгірген. Подъез ішіне кіріп, алтыншы қабатқа көтерілді. Пәтер есігін әйелмен азаматтық некеде тұрған ер адам ашқан», - делінген ақпаратта.

Ефрейтор әйелдің мас екенін байқады. Оны әңгімеге тартып, ақырындап қасына таяп, лезде терезеден түсіріп алды.

Кейін белгілі болғандай, әйел адам жұбайымен жанжалдасып қалғаннан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған.