Ақтөбеде ер адам лифт шахтасына құлап кетті

Ақтөбелік құтқарушылар лифт шахтасына құлаған адамға көмектесті, деп хабарлады Paryz.kz. 

Ақтөбеде ер адам лифт шахтасына құлап кетті
фото: ТЖМ

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ер адам лифт шахтасына құлап кеткен. Хабарды алғаннан 5 минуттан кейін оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері барған.

Арнайы зембілдің көмегімен құтқарушылар зардап шеккен адамды салынып жатқан ғимараттан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.