05.03.2024, 10:49

СҚО-да екі көлік өртеніп, екі адамды күйік шалды

Фото: Baq.kz

Солтүстік Қазақстан облысында екі көлік өртенді, деп хабарлайды Paryz 

Екі жағдайда да өрт сөндірушілер көліктерді толығымен жанудан аман алып қалды.

Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Екі адам күйікпен ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ автокөлікті пайдалану және электр жабдықтарын мерзімді диагностикалау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді.