Өскеменнен Зайсанға ұшып шыққан АН-2 қонуға мәжбүр болды

Бортта экипаждың 3 адамы және 2 медицина қызметкері болды...

Өскеменнен Зайсанға ұшып шыққан АН-2 қонуға мәжбүр болды
фото: kursiv.kz

Бүгін Өскемен-Зайсан бағытында АКЗ1222 санитарлық рейсімен ұшып шыққан АН-2 ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады paryz.kz, ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өйткені ұшқыш әуе кемесінің қозғалтқышының істен шыққанын хабарлаған.

"Ұшақ Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 23 шақырым жердегі автомобиль жолына мәжбүрлі түрде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Ұшақ та зақымданбаған. Бортта экипаждың 3 адамы және 2 медицина қызметкері болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Әуедегі оқиғаларды тексеру басқармасының өкілдері оқиға болған жерге аттанды", – делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.