Қызылордада төрт мың бөдене бар фабрика өртеніп кетті

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы құс фабрикасының жеке ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Қызылордада төрт мың бөдене бар фабрика өртеніп кетті
фото: ТЖМ

28 ақпанда сағат 04.37-де жеке бір қабатты құс фабрикасының төбесі 288 шаршы метр аумақты өрт шарпыды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар  жоқ. Өрттің алдын ала себебі анықталуда, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Куәгерлердің айтуынша, құс фабрикасының ғимаратында 4 мың бөдене болған.

Өрт сағат 06.12-де сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өртті сөндіруге жеке құрамның 7 адамы мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылған.