27.02.2024, 21:50

Елордада көпірден секірмек болған жігіт құтқарылды

Фото: видеодан скриншот

Елордада күйзеліске түскен жас жігіт көпірден секірмек болды. Сығанақ көшесіндегі басты өткелге шығып алған азаматты түн жарымда көлік жүргізушілері байқап қалған, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер әуелі жігітті әңгімеге тартып, біраз сөзге айналдырады. Қоршаудың ұшар бетінде бір қолымен әрең ілініп тұрған ол бірнеше минуттан кейін сақшылармен тілдесіп, сұрақтарына жауап қатады. Осы тұста оңтайлы сәтті ұтымды пайдаланған полицейлер суицид жасамақшы болған жігітті белінен шап беріп ұстап, қоршаудың бергі бетіне шығарып үлгерген. Қазір алпамсадай азаматтың не себепті өмірімен қош айтысқысы келгені анықталып, оған психологиялық көмек көрсетілді.