27.02.2024, 14:57

Алматыда автобус өртенді

Фото: видеодан скриншот

Алматылық өрт сөндірушілер отқа оранған автобусты сөндірді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, қаладағы Алатау ауданының құтқарушылары сағат 11:45-те «Қарасу» шағын ауданында өртенген автобусты сөндіруге жіберілді.

Құтқарушылар сағат 11:53-те жетті, автобус салонында жолаушылар болған жоқ. Жалын шарпыған аумақ 10 шаршы метрді құрады, өрт сағат 12.00-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге қалалық ТЖД-ның 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.