Ақмола облысында әкесі екі жасар қызын абайсызда өлтіріп алды

Ақмола облысының Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында екі жасар қыз көлік астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды Paryz.kz Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысында әкесі екі жасар қызын абайсызда өлтіріп алды
Фото: freepik.com

Ата-ана әдеттегідей таңертең ертесімен "Шаңырақ" балабақшасына екі жастағы қызын алып келген. Анасы қызымен балабақшаға шығып кеткенде әкесі көлікті аздап кейін жылжытып қоймақ болады. Бірақ әлі өтіп үлгермеген балақай көлік астында қалады.

Қазіргі уақытта оқиғаның қалай болғанын куәгерлер талқылап жатыр. Өкінішке қарай, қызды аман алып қалу мүмкін болмаған. Бала жедел жәрдем көлігінде мерт болды.

Өкініштісі сол аңдаусызда өзінің туған қызының өліміне себепкер болды. Қазір кәмелет жасына толмаған бүлдіршіннің өлімімен полиция қызметкерлері айналысып жатыр.