Оқыс оқиға Ұзынағашта болған көрінеді. Қазір Алматы облысының тәртіп сақшылары кәмелет жасына толмаған балаларға шабуыл жасалуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.
Кәмелетке толмағандарға шабуыл жасаған әрекет туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті тұлға анықталды. Оны құрықтау бойынша қажетті іс-шаралар қабылдануда. Аталған дерек бойынша облыстың барлық аудандық бөлімшелері мен өңірлік полиция органдары бағдарланды. Басқа ақпарат қосымша берілетін болады, - деп атап өтті Әленов.
Еске салсақ, әлеуметтік желіде жантүршігерлік видео тарады. Онда соққыға жығылған балалар үйге Бақытжан есімді адамның үйге баса көктеп кіріп, қоқан-лоқы жасағанын айтады. Бұл аздай, балалардың аяқ-қолын байлап, үйден бой тасалаған. Қазір қаскүнемді іздестіруге барлық бөлімше жұмылдырылды.