Алматы облысында қар көшкіні жүрді

Еңбекшіқазақ ауданы «Түрген ауылы - Батан» автожолынан 24 шақырым жерде қар көшкіні болды, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Алматы облысында қар көшкіні жүрді
Фото: ТЖ департаменті

Алматы ТЖМ мәліметінше, жалпы көлемі 216 текше метр болатын қар массасы автожолды жауып тастады.

Зардап шеккен азаматтар мен ғимараттар жоқ.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 1 қызметкері мен 1 техникасы жіберілді. Сондай-ақ, «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлері автожолды тазартумен айналасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, «Түрген ауылы - Батан» автожолы жолаушылардың қауіпсіздігі мақсатында 2024 жылғы 01 мамырға дейін жабық тұрады.