Семейде ер адам қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан (ВИДЕО)

Соққыдан әйел қолындағы баласымен қоса жерге құлайды...

Семейде ер адам қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Семейде түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрдан ер адам баласын көтеріп келе жатқан әйелдің басынан ұрғанын көруге болады. Соққыдан әйел қолындағы баласымен қоса жерге құлайды. ШҚО Полиция департаменті оқиғаға орай түсініктеме берді, деп хабарлады paryz.kz.

"Семейде "ас үйдің жауынгері" қолында баласы бар әйелдің басынан ұрды. Полиция бұл жағдайдың мән-жайын анықтаймыз деді", – делінген видеоға сипатындағы жазбада.

Бұл арада Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде оқиғаға түсініктеме берілді. Баспасөз қызметі ер адам, әйел және бала болған оқиға видеоға 31 қаңтарда Семейде түсірілгенін хабарлады.

"Қалалық полиция бөлімі тиісті тексерісті бастады. Осы уақытқа дейін бұл факті бойынша өтініштер мен арыздар түскен жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары тексеріліп жатыр”, – деп атап өтті ведомстводан.