30.01.2024, 09:49

Зілтемірші Майя Манезаның күйеуі Вячеслав Ершов қайтыс болды

фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы хабарлады.

"2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионатының қатысушысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Вячеслав Ершов қайтыс болды. Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының ұжымы Вячеславтың туған-туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады", – делінген желідегі жазбада.

Еске сала кетейік, Вячеслав Ершов пен Мая Манеза (2012 жылғы Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы) 2013 жылы отау құрған. Екі баласы бар. Қазірге неден қайтыс болғаны белгісіз.