Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 81 жастағы жергілікті тұрғын арызданды.
Ол өз арызында медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіттің үйінің ауласына кіріп, оны қылғындырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткенін баяндаған.
28 қаңтар күні жедел іздестіру кезінде 1978 және 1989 жылы туған Алматының екі тұрғыны ұсталды. Олар өз қылмысын толығымен мойындаған.
Полиция қызметкерлері істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындады. Тергеу жүріп жатыр.
Ұсталғандардың осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.