Таразда құдықтан ер адамның денесі табылды

Таразда құдықтан белгісіз ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды paryz.kz. 

Таразда құдықтан ер адамның денесі табылды
Фото: видеодан скриншот

Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамның денесін жергілікті учаскелік полицей аумақты текаеру кезінде тауып алған.   

«Қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде учаскелік полиция инспекторы Тараз қаласындағы шағынаудандардың біріндегі үй артындағы құдық ішінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ, 50-60 жас шамасындағы белгісіз ер адамның денесін тапты», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде ер адамның жеке басы анықталып жатыр.