Шымкент Білім басқармасы мәліметіне қарағанда, 11 қаңтарда №48 орта мектепте дене шынықтыру сабағы кезінде сегізінші сынып оқушысы есінен танып, құлап қалған. Сол кезде мектеп медбикесі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Мектепке келген жедел жәрдем бригадасы екінші арнайы жедел жәрдемді шақыруға мәжбүр болған. Алайда жедел жәрдем келгенше баланың жүрегі тоқтап, көз жұмған.
Қазір құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр.