"Қазығұрт аудандық полиция бөліміне бір топ аудан тұрғындары арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, аттарына бейтаныс біреу заңсыз несие рәсімдеген. Бұл факті "алаяқтық" бойынша тіркелді", - дейді ведомство.
Полицейлер арнайы топ құрып, жедел іздеуге кіріскен. Нәтижесінде, күдікті қолға түскен.
"Алдына келген клиенттердің құжаттарын пайдаланып, 70 мың теңге мен 1 миллион теңге аралығында несие рәсімдеп отырған. Осылайша 47 адамды алдап, ақшаны өз пайдасына жұмсаған. Келтірілген шығын көлемі 21 миллион теңге", - дейді полиция.
Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.