«Төртеуі бір үйдің адамы»: БҚО-да жол апатынан 5 адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Төртеуі бір үйдің адамы»: БҚО-да жол апатынан 5 адам көз жұмды
фото: Halyq Uni

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 9 қаңтар күні Жаңақала ауданы аумағында болды.

«Сағат 17.17-де Чапаев-Жаңақала жолы бойында Ақбалшық пен Пятимар ауылдарының арасында Toyota Estima және Hyundai SantaFe автокөліктері бетпе-бет соқтығысты. Жол апаты салдарынан бес адам мерт болды. Құтқарушылар марқұмдардың денесін автокөліктен шығарды», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қаза тапқандардың төртеуі бір үйдің адамдары көрінеді.