БҚО-да қайғылы жол апатынан үш адам опат болды

Орал – Атырау тасжолында болған апаттан үш адам қаза тауып, 8 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

БҚО-да қайғылы жол апатынан үш адам опат болды
Коллаж: Azattyq Ruhy

«Мой город» басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 7 қаңтарда сағат 13:30 шамасында Орал – Атырау тасжолында болған.

«Бәйтерек ауданы Янайкино ауылының маңында Chevrolet Nexia мен Toyota Ipsum көліктері соқтығысып, соның салдарынан екі жүргізуші мен бір жолаушы қаза тапты. Жол апатынан зардап шеккен сегіз адам ауруханаға жеткізілді», - делінген БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.