Петропавлда 14 жасар оқушыны зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Петропавлда 28 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Петропавлда 14 жасар оқушыны зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: Pixabay

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. 

Күдікті Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігі (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалды сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша тіркелді. 

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу жүріп жатыр.