Жол-көлік оқиғасына ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Соның салдарынан 15 көлік зақымдалып, 1 адам ми жарақатын алды. Ол жедел жәрдем көлігімен Макинск қаласына жеткізілді.
Оқиға орнына зардап шеккендерді жылыту үшін экипаж жіберілді. Құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетсек, оған дейін Астана-Петропавл тасжолында 16 көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапқан болатын.