«Контент үшін»: Шымкентте көлігін шыршамен безендіргендер жауапқа тартылды

Шымкентте көлігін шыршамен безендіргендер жауапқа тартылды, деп хабарлады Paryz.kz. 

«Контент үшін»: Шымкентте көлігін шыршамен безендіргендер жауапқа тартылды
Фото: видеодан скриншот

Жаңажылдық ағашпен және гирляндалармен безендірілген жаңа маркалы көліктерді ЖБО-ның бейнебақылау инспекторлары байқаған. Осындай безендірулермен Porsche Panamera, Toyota Camry, Lexus ES, Mercedes-Benz және Hyundai Elantra көліктері Қонаев даңғылымен Бәйдібек би бағытында жүріп бара жатқан.

Автомаскарадты жедел жеткен патрульдік полицейлер тоқтатты. Жүргізушілер өз әрекетін жол қозғалысы қағидасының тармағын білмеуімен ақтағысы келді. Алайда заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.

Құқық бұзушыларға ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша хаттама толтырылып, көліктер айыптұраққа жеткізілді, – делінген хабарламда.

Белгілі болғандай, жігіттер бұл әрекетке танымал әлеуметтік желідегі контент үшін барған.