БҚО-да екі адам пәтерден өлі табылды

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Садовое ауылында жеке тұрғын үйден шыққан өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

БҚО-да екі адам пәтерден өлі табылды
Фото: БҚО ТЖД

Өрт туралы хабарлама 10 желтоқсанда сағат 07:25-те келіп түскен. Үйдің төбесі, жеке заттары және ішінара шатыры жанған.

«Өрттің ауданы 15 шаршы метрді құрады. Өрт орнынан 40 және 30 жастағы екі адамның жартылай күйік шалған денелері табылды. Өрт сағат 08:55-те жойылды. Себебі анықталуда», – делінген хабарламада.

Өртті сөндіру кезінде жеке құрамның 21 адамы және алты техникасы бірлігі жұмыс істеді.