БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол-көлік апаты болып, соның салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты
Коллаж: Azattyq Ruhy

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін, яғни 7 желтоқсанда таңғы сағат 08:15 шамасында Жәнібек ауданына қарасты «Көлтабан» ауылдық округінен 10 шақырым қашықта болған.

«Тойота Камри» маркалы автокөліктің 1993 жылы туған жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан аталған автокөліктің 1940, 1945 және 1970 жылдары туған жолаушылары оқиға орнында қаза болды. Автокөліктің жүргізушісі мен 1992 жылы туған жолаушысы түрлі жарақатпен Жәнібек ауданының аудандық ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті жүргізушілерге жолда мұқият болуды ескертеді.