Оралда тергеу изоляторында қамауда болған ер адам көз жұмды

Орал қаласында тергеу изоляторында 63 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Оралда тергеу изоляторында қамауда болған ер адам көз жұмды
фото: Тасс

БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ер адам ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес айыпталып, қамауда ұсталып, камерада отырған.

Өлімнің алдын ала себебі – ми тамырларының атеросклерозы. Нақты себебі сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққанан кейін анықталады, деп хабарлады ведомстводан.