Ақтөбе облысында әскери қызметші әріптесін атып өлтірді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің "Қиялы" шекара заставасында әскери қызметші әріптесіне оқ атты, деп хабарлайды Ақтөбе гарнизонының әскери прокуратурасы.

Ақтөбе облысында әскери қызметші әріптесін атып өлтірді
фото: Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2023 © Sputnik / Тимур Батыршин

Оқиға 2 желтоқсанда болған.

"Қиялы" шекара заставасында келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскери қызметші жанжал салдарынан әріптесіне оқ атқан. Оқты өзіне бекітілген қарудан атқан. Оқ тиген әскери қызметші жедел жәрдем қызметі келгенде қайтыс болды", - дейді ведомство.

Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімі Қазақстан Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті ұсталды.