Алматыда хостелден шыққан өрттен зардап шеккендердің көбі Пәкістан азаматтары – әкімдік

Алматыда хостелден шыққан өрттен қайтыс болғандардың көбі Пәкістанның азаматтары, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Алматыда хостелден шыққан өрттен зардап шеккендердің көбі Пәкістан азаматтары – әкімдік
фото: nur.kz

Марқұмдар С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің студенттері болған.

Қайтыс болған 13 адамның сегізі Пәкістаннан келген студенттер болып шықты. Тағы бір пәкістандық студент тірі қалған, алайда ол қатты зардап шеккен.  

«Пәкістан және басқа елдердің азаматтары жатақханада тұратындардың арасында болғандығына  назар аударуды сұраймыз. Қайтыс болғандардың жеке басына қатысты ақпарат анықталғаннан кейін беріледі. Ақпарат түсуіне қарай толықтырылады», - делінген хабарламада.