Оралда мұғалім оқушыны ұрған: тергеу басталды

Полиция қызметіне Орал қаласындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 6 сынып оқушысын ұрғаны жөнінде хабарлама түседі, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Оралда мұғалім оқушыны ұрған: тергеу басталды
Фото: nazarnews.org

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Орал қаласының полиция басқармасының басшылығы, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары барды.Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап, сот-медициналық сараптама тағайындады.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 140-бабымен кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау фактісі негізінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», - деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.