27.11.2023, 09:39

Оралда әйел адамның басына кірпіш құлап көз жұмды

фото: Sputnik / Абзал Калиев

Оралда әйел адамға биіктен кірпіш құлап кетті. Ол оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 26 қарашада сағат 14:35-те Назарбаев даңғылы бойында болған.

Полицейлердің мәліметінше, Назарбаев даңғылы бойындағы №236 үйдің жанынан бір әйел өтіп бара жатып, басына кірпіш құлаған. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Қайғылы оқиғаның себептерін тергеу тобы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері анықтап жатыр.