24.11.2023, 11:39

Шымкентте әйел туысының баласын 3 қабаттан лақтырып жіберді

Фото: otyrar.kz

Шымкентте әйел туысының баласын 3 қабаттан лақтырып жіберді. Көршілер мен куәгерлер дәрігерлерге баланы терезеден туысының лақтырып жібергенін айтқан, деп хабарлайды Paryz.kz Отырар телеарнасына сілтеме жасап.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, 40 жастағы әйел психикалық денсаулық орталығында есепте тұр.

Оқиға кешкі сағат тоғыз шамасында Иляев көшесіндегі үйде болған.

Сонымен бірге, оқиғадан кейін әйелді психидиспансерге жеткізгені белгілі болды.

Оқиғаның қалай болғаны және ата-ананың баланы психикалық ауруы бар туысымен не себепті қалдырғаны әзірге белгісіз.

Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтайды.