Полиция мен білім басқармасы баланың өлімін растады.
Бала Ұзынағаш ауылындағы мектептердің бірінде алтыншы сыныпта оқыған. Білім бөлімі баланың толық және бақуатты отбасында өскенін хабарлады.
Қайғылы оқиға демалыс күні ата-анасы үйде, ал бала ағасымен ойнап жүргенде болған. Отбасында ешқандай жанжал болғамаған
"Баланың мектепте де ешқандай жанжалы болған жоқ. Үйінде өз бөлмесінде болған, кейін өлі күйінде табылды", — деді Жамбыл аудандық білім басқармасының басшысы.
Облыстық полиция департаменті оқиғаның 18 қарашада тіркелгенін мәлімдеді.
"Бұл деректі полиция Қылмыстық кодексінің 105 "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы, қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша тіркеді”, – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері соңғы процессуалдық шешім қабылдау үшін жедел-іздестіру шараларын және сараптамалық тексерулер жүргізеді.