Алматы облысында 6-сынып оқушысы асылып қалған

Алматы облысында он бір жасар мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы облысында 6-сынып оқушысы асылып қалған
фото: polisia.kz

Полиция мен білім басқармасы баланың өлімін растады.

Бала Ұзынағаш ауылындағы мектептердің бірінде алтыншы сыныпта оқыған. Білім бөлімі баланың толық және бақуатты отбасында өскенін хабарлады.

Қайғылы оқиға демалыс күні ата-анасы үйде, ал бала ағасымен ойнап жүргенде болған. Отбасында ешқандай жанжал болғамаған

"Баланың мектепте де ешқандай жанжалы болған жоқ. Үйінде өз бөлмесінде болған, кейін өлі күйінде табылды", — деді Жамбыл аудандық білім басқармасының басшысы.

Облыстық полиция департаменті оқиғаның 18 қарашада тіркелгенін мәлімдеді.

"Бұл деректі полиция Қылмыстық кодексінің 105 "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы, қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша тіркеді”, – делінген хабарламада. 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері соңғы процессуалдық шешім қабылдау үшін жедел-іздестіру шараларын және сараптамалық тексерулер жүргізеді.